Әлемнің мәні- әйелде! 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Жаңаөзен қаласы әкімінің мерекелік құттықтауы өтті. Салтанатты жиында Жансейіт Қайнарбаев нәзік жандыларды көктемнің көрікті мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.