Мұнайлы ауданындағы "Миғраж" мешітінде "Балаларға базарлық" атты қайрымдылық акциясы өтті. Аталмыш шара дәстүрлі түрде Шағбан айында жалғасын тауып отыр. Мерекелік орай дайындалған тәттілер қобдишасы аудан аумағындағы 85 балаға таратылды.