Маңғыстау өңірлік кадр резервіндегі мамандардың 72 пайызы жұмысқа орналасты. Яғни, іріктелген 25 үміткердің 18-і лауазымды қызметте еңбек етіп жүр. Солардың бірі Мағжан Ғалымов. Қазір ол балық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.