Ақтауда жақын арада халықаралық талаптарға сай, заманауи жаңа мұз айдыны пайдалануға берілмек. Екі қабатты кешенде спортшыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Мұз айдынында хоккей, мәнерлеп сырғанау және тағы басқа да олимпиадалық спорт түрі бойынша жаттығу өткізуге мүмкіндік бар.