Өңірлік коалиция өкілдері бүгін облыстағы өнер ұжымына да барды. Әнші, күйші, мүсінші, суретші мен бишілер ұжымы да алдағы референдумнан қалыс қалмауы керек. Жаңа ата заңның барлық бабына қатысты түсіндіру жұмыстарын өткізіп жүрген коалиция барлық білім ошағы мен түрлі мәдени ұйымдарға барып әрбір қызметкерге өз азаматтық ұстанымын білдіруін сұрайды.