Ақтауда Ұлыбританиядан әкелінген киімдер ұсынылатын Aina of London мультибрендті бутигі ашылды. Бұл тек сән дүкені ғана емес, Лондон мен Ақтауды тоғыстырған ерекше жоба. Бутик негізін қалаушы Айнагүл Стэпли 13 жылдан бері Ұлыбританияда тұрып, британдық сәннің эстетикасы мен сапа стандарттарын терең меңгерген.