Қызылсай ауылында жеке тұрғын үйде болған жарылыстан 70 жастағы кейуана ауыр күйік алып, ауруханада көз жұмды. Маржангүл Өтемағанбетова жарылыстан үш күн бұрын ата-анасының газдан ақау барын байқап, газ қызметін шақырғанын айтады. Алайда ешкім келіп тексеріс жүргізбеген.