Маңғыстау телеарнасы мен әуесқойлар бірлесіп Қызылқұм аумағында жол талғамайтын көліктер арасында турнир ұйымдастырды. «Құм патшасы» деп аталған додаға 50-ден астам жүргізуші қатысып, өздерінің темір тұлпарларын сынға салды.