Баланың бронхынан қаламның қақпағын алды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 8 жасар баланың тыныс алу жолына түсіп кеткен бөгде затты сәтті шығарған. Бұл ауруханадағы эндоскопист-хирургтардың үнемі жасайтын операцияларының бірі.