Ақтау қаласында әндері халық жүрегінен орын алған сазгер Марат Ордабаевтың шығармашылығына арналған «Ақшағала» вокалды - аспапты ансамблінің концерті өтті. Кеште талай тыңдарманның жүрегінен жол тапқан сазгердің «Сен келерсің» әні шырқалған кезде, жиналған халық өздері әншілермен бірге орындады.