Қарақия ауданында еңбек адамдары саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын өндіріс орындарында жасады. Аудан аумағындағы мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшылар үшін арнайы жағдайлар жасалып, олар өндірістік үдерістен қол үзбей-ақ дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.