Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында «Qamqorlyq» орталығын орналастыру үшін қайта жаңғыртылып жатқан ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Аймақ басшысына жауапты мамандар нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы, техникалық сипаттамасы және қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған орталық ерекше қажеттілігі бар балаларға, оның ішінде аутизм спектрі бұзылыстары мен психоневрологиялық ерекшеліктері бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.