Үкімет шешімімен «Ақтау теңіз порты» Арнайы Экономикалы Аимағының аумағы 10 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 13 наурызда арнайы экономикалық аймақтарға қатысты өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Маңғыстау облысында көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мақсатында Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағына бірнеше жер учаскелерін қосу арқылы ұлғайтылды.