Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау және бақылаушы құрылымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу шаралары қаралды.