«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасын қайта жаңғыртпақ. Осыған орай еліміздің түкпір -түкпірінен талантты жастарды іздеуге арналған ауқымды кастинг басталады. Музыкалық шоуға өнерге құштар, жасы 16 мен 25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады.