Көктем келісімен елімізде ең өзекті мәселелердің бірі су тасқыны қаупі. Биыл да жағдай жіті бақылауда. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, ел аумағындағы бірқатар өңірде қауіп толық сейілген жоқ. Ресми дерекке сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша су басу қаупі бар 272 елді мекен анықталған. Бірақ соның ішінде нақты 15 елді мекенге қауіп жоғары деңгейде бағаланып отыр. Бұл жағдайдың әлі де күрделі екенін көрсетеді. Әсіресе батыс өңірлер алаңдатып отыр.