Францияның «Raspail» жоғары мектебінің оқытушысы мен бір топ студенті Erasmus бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу үшін Маңғыстауға келді.Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл сапар барысында француз мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағатын өткізді.Оған өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 20-ға жуық маман қатысты.