Жармыш ауылында ата кәсіпті жалғап, мал шаруашылығы мен бау-бақша өсіруді қатар дамытып отырған үлгілі отбасы бар. Жаңбыровтар әулеті атадан мирас болған төрт түліктің санын көбейтіп, берекелі тіршіліктің көрігін қыздырып отыр. Сонымен қатар, бау-бақшасын баптап, түрлі жеміс-жидек өсіріп, еңбектің нәтижесін көріп келеді.