Бейнеуде 8-11 сынып оқушылар арасында веложарыс өтті.Спорттық шараға 70-ке жуық жас қатысты.Додаға ұйытқы болған - өңірге белгілі велоспортшылар Борашовтар әулеті.Олар үшін велоспорт - өмір салтына айналған.Атаның ізін қуған ұрпақтары да бүгінде осы бағытты серік етіп, ел ішінде велоспортты белсенді түрде насихаттап келеді.