Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Оқитын ұлт - озық ұлт» деп кітаптың қоғам өміріндегі маңызын айрықша айтқан еді. Кітап оқу мәдениетін арттыруды ұлттық зияткерлікті дамытудың басты шарты ретінде атап өтіп, кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыруды, материалдардың оқырманға қолжетімді болуын тапсырды.