«Кітапхана трансформациясы: тәжірибе, тренд, тәсіл». Ақтауда осындай атаумен ұлттық кітап күніне орай облыстық форум өтті. Жиынға өңірдегі мектептер мен колледждердің кітапханашылары қатысып, оқушыларды көркем әдебиетке баулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру тәсілдерін талқылады.