«Аралайық» бағдарламасының кезекті бағыты - Қызылөзен ауылы. Ауылда мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы да жолға қойылған. Ғалым Таңбай егін егу кәсібімен 2001 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде оның шаруашылығында көптеген көкөніс түрлері өсіріледі.