Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы Джафар Заманимен кездесті. Кездесу барысында тараптар инвестиция, көлік-логистика, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар, балық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.