Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданында тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыстады. Бүгін баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар, жетім балалар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар бар.