Mangystau арнасында жаңа телевизиялық жоба бастау алды. «Теңіз және Дәстүр» fashion-жобасы ұлттық мәдениет пен заманауи сән әлемін тоғыстырған ерекше телетуынды. Жоба аясында киім үлгілері дәстүрлі подиумда емес, Каспий теңізінің жағалауында таныстырылады.