Маңғыстау өңірінде алкоголь өнімдерін тұтынушылар саны азайып келеді. Ал зиянды әдетке тәуелді болған азаматтардың бірқатары қажетті ем қабылдап, қалыпты өмірге қайта оралуда. Мамандар бұл профилактикалық жұмыстар мен әлеуметтік оңалту шараларының нәтижесі екенін айтады. Психикалық денсаулық орталығы басшысының айтуынша, бүгінде маскүнемдікке шалдыққан азаматтарға медициналық көмекпен қатар психологиялық қолдау да көрсетіледі.