Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Басқосуда көлік-логистика саласын дамыту, білім беру жүйесін цифрландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Жиында көлік-логистика саласында оң өсім сақталып отырғаны айтылды. Өңірде теміржол және автожол инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау халықаралық әуежайын дамыту, Кендірлі әуежайын салу, сондай-ақ Ақтау мен Құрық порттарының әлеуетін арттыру бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда.