Облыс әкімінің төрағалығымен «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы мен Отбасы банк облыстық филиалының директоры баяндама жасап, бағдарламаның іске асырылу барысы мен жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпарат берді.