Каспий теңізін көру үшін Ақтау қаласына жыл сайын туристер көп келеді. Көк айдынның керемет көрінісіне өзге аймақтан келген өлке тұрғындары мен қонақтары тамсанып, оң пікірлерін айтып жатады. Күн жылынып, жаз айы басталысымен көпшілік теңіз жағалауына ағылатыны белгілі.