Бүркітшілер құрылтайда дауыс берді
Құрылтай төрінде ұлттық өнердің айбынын асқақтатқан бүркітшілер де өз таңдауын жасады.Қолына қыран қондырып, атадан балаға жалғасқан саятшылық дәстүрді дәріптеп жүрген құсбегілер дауыс беріп, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасауға атсалысты.Бұл - ұлттық құндылықты ұлықтаған, елдік іске бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі.Қырандай қырағы бүркітшілер бүгінгі таңдауларын жасап, ел ертеңіне деген сенімдерін білдірді.Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы сайлау учаскелерінің бірінен әріптесім Әсел Алдашова құсбегілермен бірге тікелей байланысқа қосылды.