Жас педагогтер тәжірибе алмасты
Өңірде мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «STEM. AI. Innovation» жиыны ұйымдастырылды. Басқосу Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде өтті. Шараға облыстың жас педагогтері қатысып, білім берудегі заманауи технологияларды қолдану жолдарын талқылады.