Республика күні - елдіктің мерейі
Егемен елдің еңсесін көтеріп, азаттықтың қадірін айшықтайтын Республика күні – ұлттық рух пен елдік мұратты тоғыстырған мереке. Бейнеу ауданында бұл айтулы күн кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шарада ел тарихы ұлықталып, ауданның жетістіктері сараланды.