Республика күніне орай Құрықта ағаш отырғызу акциясы өтті
Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғыр еткен маңызды мереке. Ал Отанға деген сүйіспеншілік туған жердің табиғатын қорғаудан, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудан басталады. Құрық ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен ағаш отырғызу акциясы осы құндылықтарды ұштастырды.