Жеңісбай Қобыланов - ұлағатты ұстаз. Білім ордасында еңбек еткеніне 10 жыл. Тіл маманының шәкірттері Республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми жобалардың жеңімпазы.

Жеңісбай Қобыланов - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Осы мектепте жұмыс жасағаныма мақтан тұтамын. Менің әрбір жетістігім осы мектеппен тығыз байланысты. Оқушылардың да менің де жетістігім де сан алуан. Қалалық көлемінде қазақ тілінің үздік маман атағын алғанмын.

Мектеп шәкірттері түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Республикалық пәндік олимпиадада 20 бала, ғылыми жоба сайысынан 8 оқушы жүлдегер атанған. Мектеп ғимараты заман талабына сай жабдықталған. Мұнда жазушы Серікбол Қондыбай атындағы мұражай  да бар. 

Нұржамал Жанаева - мектеп директоры

Мұражай туралы 20 секунд

Ақерке Избайдуллина - 11 сынып оқушысы

Осыдан 10 жыл болып, бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттадым. Бірнеше айдан кейін мектеппен қоштаспақпын.

Тәуелсіздіітің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген шарада мектеп шәкірттері мерекелік кеш ұйымдастырды. Ұстаздар ансамбльі ән айтып, оқушылар мектеп туралы ыстық ықыластарын жеткізді.  Салтанатты шара мектептің 10 жылдыққа арнауымен аяқталды.