Аймақта "ModelCup - 2025" халықаралық модельдер байқауы өтті. Ауқымды шара "Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы" жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тыва, Татарстан, Башқұртстан және Түркия мемлекетінен 80-ге жуық қатысушы келді.