23 маусым - Қазақстан полициясы күні. Қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын сақтау - полицияның басты міндеті. Айта кетейік, өңірде екі мыңнан астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмыс істейді. Бірі - жол қауіпсіздігін қадағаласа, кейбірі - тұрғындарға көмек көрсетіп, адам өмірін құтқаруда.