Қазыбек Аманбаев 34-ші шағын ауданда тұрады. Мұнда көшіп келгеніне 1 жылдай болыпты. Айналада аялдама жоқ. Әсіресе аптап ыстық пен қыста қиын дейді,-ол.
Қазыбек Аманбаев - қала тұрғыны
Қанша айтқанмен қыстың аязы жаман ғой. Шамалы жылынып тұратын, адамға жылу беретін орын керек. Қыста шыны керек, қатып қаласың. Таксилер тоқтамайды. Сыртта гололед болғасын. Жазда күннен қорғану үшін керек. Аялдама салу керек.
Тұрғындардың қалауы бір. Жаңа шағын ауданда аялдама салынып, үйлерге жақын орналасса,- дейді. Жаңадан бой көтерген 33-ші шағын ауданның да жағдайы осы. Жарты сағаттан бері қоғамдық көлік күтіп тұрған балалар желден қорғап, ықта тұратын орынның ауадай қажеттілігін айтты.
Дамир Нариман - қала тұрғыны
Мен осы жерге үнемі автобус күтуге келем. Сабаққа баруға. Біз үнемі інім екеуміз 29-шы шағын ауданға барамыз. Қыста салқын болып, тоңып қаламыз. Автобусты 20-30 минут күтіп қаламыз.
Ақтауда 200-дей аялдама бар. Бұл қалаға жеткіліксіз дейді,-сала мамандары. Қаланы дамыту бағдарламасына сай енді 50 шақты аялдама салу жоспарланған. Сондай-ақ, аялдама кешені жаңғыртылады.
Жетібай Құбашев - қалалық ЖК және АЖ бөлімінің басшысы
Қарамағымызда 94 аялдама бар. Оларды күтіп-ұстау, оларды салу бойынша 30 аялдама саламыз. Кәсіпкерлер салады.
Әйгерім Ашықбаева - тілші
Ақтауда пайда болатын 30 жаңа аялдама заманауи үлгіде салынады. Тұрғындарға ыңғайлы, шағын әрі таза болмақ. Мұнда мынандай дүңгіршіктермен қатар, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының жүру сызбалары қойылады. Мұндай аялдамалар он шақтысы жаңа шағын аудандарға, қалғаны қаланың ескі бөлігіне бой көтереді.