Әке - жұмысбасты. Шаңырақ иесінің шаруасы көп. Баламен қарым-қатынасы азайған. Бұл - ұстаз азаматтардың пікірі.
Ибатолла Кенжебаев - Мұнайлы ауданының тұрғыны
Педагогикада ЖАДА деген түсінік бар. Жақын арада даму аймағы деген, әке тәрбиесінің маңыздылығы сонда ЖАДА-ға кірмей қалады. Өйткені байқаймын, соңғы 10 жылда ер адамдарымыздың көбі даладан тауып келеді, вахтадан келсе, той-томалақтары бар, осы бір мәселе.
Дей тұрғанмен, әкенің бәрі баласын басына жіберіп отырған жоқ. Слетке келген Руслан Акенов жұбайымен 4 бала өсіріп отыр. Тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Жұмысы көп, бірақ уақыт табады. Себебі қоғамнан қорқады. Ұл-қызының болашағына өзі жауапты екенін түсінеді.
Руслан Акенов - Ақтау қаласының тұрғыны
Далаға шығып кетсе көшенің заңы бөлек. Балаға қатты көңіл бөлеміз, кіммен араласады. Қазір электрондық кезең, әлеуметтік желіде отырады, оны да кейде қадағалаймыз кіммен сөйлесіп отыр. Радикалды ағымдар да бар. Сондайларға кіріп кетпеу үшін.
Әкелерді бала тәрбиесіне тығыз араластыруға қажетілік туған. Оқушылардың түрлі құқықбұзушылықтарға баруы - тәрбиенің солғындығынан болып отыр,-дейді мамандар. Сондықтан отағасын ата-аналар жиналыстарына қатыстыру, қоғамдық шараларға тарту қолға алынған. Нәтиже де жоқ емес.
Дариға Назарова - Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының маманы
Бұған дейін байқалмайтын еді. 1-2 жылдықта әкелердің қызығушылығы артқан. Тәрбие жұмыстарына жұмылдырып, әкелерді мектепке тартып жатыр. Әкелерге көп көңіл бөлініп отыр.
Слетқа облыстың барлық аудан, ауылдарынан әкелер келді. Оларға психологтар тренинг өткізіп, кеңес берді. Бейнероликтер көрсетіп, пікірталас жүргізді. Шарадан қатысушылар ерекше көңіл күймен шықты.