Көрме көпұлтты өңірдегі әр ұлттың киімдерінің байлығы мен әркелкілігін насихаттауды мақсат етеді. Сондықтан, алғашқы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева әрбір ұлт өкілдеріне татулық үшін алғыс айтты.
Амангүл Жайылханова - "Қоғамдық келісім" КММ басшысы
Өзіміздің ұстанып отырған 100 қадам Ұлттық жоспарына сәйкес жүргізіліп отыр. Себебі, біз оның 5-ші қадамына байланысты бір тектілікпен, 1 елді халыққа насихаттау. Біздің Қазақстанымызда тек қана тыныштық, тек қана достық бар екенін біздің халқымызға насихаттау болып есептеледі.
Көрмеге қазақ, орыс, корей, неміс, украин, татар, түркімен секілді түрлі ұлттардың үйлену тойында, мерей тойларында және күнделікті өмірде киілетін киімдері қойылды. Мұнда барлығы 60-тан астам ұлттық киім үлгісі бар. Солардың бірі, қарақалпақтардың қыз-келіншектерімен ерлеріне арналған ұлттық киімдері. Бір ерекшелігі аталмыш киімдердің барлығы да таза мақтадан жасалған. Мәселен, бір сәнді көйлекті тігіп шығу үшін 6 ай уақыт керек екен.
Миуагүл Тарихова - "Аллаяр жолы" қарақалпақ этно-мәдени бірлестігінің өкілі
Ересек әйелдердің бас киімі, яғни бас орау деп аталады. Мынау жаршақар деп аталады. Ораған уақытта орамалдың бір ұшын шығарып қояды. Ал, мынау шашты жауып тұратын артқы жағы. Яғни, шашпау деп аталады. Шашты өріп қойғанда жауып тұрады. Мыналар сырғалық, ал мыналар түйе табан деп аталады. Маталары жібектен .
Гүлайна Мерген - тілші
Бұл Қарақалпақ халқының ұзатылатын қыздарға арналған ұлттық киімі. Мұның өзі 4 бөліктен тұрады. Мынау бешпеті, кимешек, одан кейін көк көйлек деп аталады және сәукелесінен тұрады. Мұнда жасалған өрнектердің барлығы 18 ғасырда пайда болған. Дәстүрлі киім осы кезге дейін сақталған.
Көрмедегі кейбір костюмдер біздің өңірде бұрын соңды болмапты. Нақты айтсақ, оларды әр этнос өзінің тарихи отанынан әкелген. Алғаш рет өткізіліп жатқан көрменің ерекшелігі де осы.
Әділбек Ботабеков - Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ректоры
Әр ұлттың көрмесі, кимідерін де көре отырып, дастархан басына жиналғанда мен артында жиналған қазақша киінгендерді көріп, қазақтың дастарханына келіп жатырмын деп қарасам, сол қазақтың дастарханының үстінде армянның да, кәрістің де барлық ұлттың тағамдарынан дәм татып жатқан кезде мұның өзі достықтың бір көрінісіндей болды....
Сонымен қатар, шарада әр этномәдени бірлестіктің қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары қойылды. Айта кетейік, ұлттық киімдер көрмесі 29-шы сәуірге дейін жалғасады.