Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы Акционерлік Қоғамының қызметкерлері, Қарақия ауданындағы Бостан мектеп оқушыларымен кездесті. Энергетиктер жасөспірімдерге электр тоғын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сақтық шараларын сақтаудың маңызын атап өтті.