Ақтау қаласындағы колледждердің бірінде «МАҢҒЫСТАУ ЖАС КӘСІПКЕРІ- ИДЕЯДАН ІСКЕ» атты өңірлік мектеп хакатоны өтті. Іс-шараға қала, ауыл - аудандардан 8-10 сынып оқушылары қатысты. Командалық додаға түскен оқушылар, өз бизнес идеяларын ұсынып, өңірімізді дамытуға қатысты тың идеяларымен бөлісті.