Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеуді Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді. Есепші өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.