Абдухамит Мамабеткулов  Ақтөбе қаласындағы көлік және комуникациялар колледжін электрик мамандығы бойынша тәмамдаған .  Кәсібі бойынша еңбек етуді көздеген жас аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы өткен маусымда Құлсары дистанциясының Бейнеу аудандық бөлімшесіне қызметке орналасады. Абдулхамиттің негізгі қызметіне аудан орталығындағы бағдаршамдар мен теміржол бекеттеріндегі жол белгілерінің үзіліссіз қызмет көрсетуін қаматамасыз ету кіреді. Өзіне жүктелген қызметке аса жауапкершілкпен қарайтын Абдулхамиттің үйренгенінен үйрені көп.

Абдулхамит Мамбеткулов - электромонтер

Бұл жұмыс бала күнгі арманым. Осы жұмысқа орналасқаныма қуаныштымын ұжымда жақсы. Білмегенімді үйретеді. Оқуда теориямен үйретсе, практика жүзінде екеуі екі түрлі.

Құлсары дистанциясының Бейнеу басындағы бригадасында 12 адам еңбек етеді. . Бұл өте жауапты да, қауіпті қызмет.  Сондықтан жұмысқа қабылданбас бұрын жас мамандар үш ай сынық мерзімінен өтеді. Осы уақыт аралығында өздерін көрсете алғандар ғана қызметке қабылданады.

Сәкен Шаханов - электромеханик

Бұл жігіттің жұмысқа деген қабілеті зор. Үйреткенді тез үйретіп алуда. Бітірген мамандығы бойынша қабілеті жеткілікті. Әлде де үйретені көп. Алға қарай да алып кетеді деген ойдамыз жұмысын.

Аса жауапкершілікті қажет ететін бұл мамандық  күн сайын ізденуді талап етеді. Өйткені электр энергиясы саласындағы өзгерістер күн санап қарқын алуда ,- дейді кейіпкеріміз.