Жаңаөзенде “Тату отбасы - тағылымды ұрпақ” атты рухани шара өтті. Оған қала тұрғындары, жастар мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты - отбасындағы сыйластық пен бірліктің қоғамға қаншалықты қажет екенін түсіндіру. Өйткені берекелі шаңырақ - ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі, ал тату отбасы - тұрақты мемлекеттің кепілі.