Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды - бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам. Білікті мамандықтар біліктілік жүйесімен тікелей байланысты. Осы орайда, Қызылсай ауылындағы “Строй пласт Актау” ЖШС-і - өңірдегі жалғыз гипс өндіру цехы 7 жылдан бері құрылысқа қажетті өнімді шығарумен айналысып келеді.