Ақтауда Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі шығармашылық кеш өткізді. «Әуендер әлемі» атты концертте көрермендерге кешегі мен бүгінгі күндердің әуені ұсынылды. Музыка сүйер қауым оркестрдің орындау шеберлігіне тәнті болып, ерекше әсер алды.