Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 180 жас сарбаз Отан алдындағы міндетін абыроймен атқаратындықтарына ант беріп, жасақ құрамына енді. Олар бір айдың ішінде әскери сәлемдесу мен сап түзеуге толықтай машықтанған. Жауынгерлер атынан сөз алған Ахатай Рыскелді қаруластарын елге адал қызмет етуге шақырды.

Ахатай Рыскелді - жас сарбаз

Мен Ұлттық Ұланға келгеніме өкінбеймін. Менің баяғыдан келе жатқан арманым. Барлық сарбаздарды әскери ант қабылдауымен құттықтаймын. Отан алдындағы борышымызды абыроймен өтеп шығамыз деп сенемін.

Қазіргі таңда ұлттық ұлан әскери бөлімдері елдің ұлттық мүддесін қорғауда маңызды рөл атқарады. 5548 әскери бөлімі 2013 жылдың шілдесінде құрылған. Содан бері ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, қала көшелерінде тәртіптің сақталуы үшін үлес қосып жүр.

Нұрымбек Досжанов - 5548 әскери бөлімі командирінің м.а.

Алдағы қызмет атқару кезінде құрметті жас сарбаздар әсери антқа адал болу және ата-аналарға сабыр болуды тілектеспін.

Бұл жолы пандемияға байланысты ант беру рәсіміне жауынгерлердің туыстары келмеді. Ұлдарымен қауышар сәтті тағатсыздана күткен ата - аналар  онлайн байланысқа шығып  ұландарының ел алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаратынына сенетіндерін жеткізді.