Мұнайлы ауданындағы жеке наубайхана. Ұн Бейнеу терминалынан, наубайшылар жергілікті тұрғындар. Мемлекеттен ешқандай көмек алған емес, тіпті сұрамайды да. Бірақ нандарының сапасы жақсы және ең бастысы арзан. Салмағы 400 грамдық 1 сортты ұнның наны 55 теңге тұрады.

Жадыра Еменова -  Маңғыстау селосының тұрғыны

Үнемі осы Рахат сауда орнынан аламын нанды. Ең арзан деген нан 55 теңге. Батон нан 90 теңге. Дәмді,Свежий. Өзмііздің қалтамыз көтереді.  

Ал бұл  22 шағынауданда орналасқан "Мағаш нан" дүкені. Жаңағы шағын наубайханамен салыстырғанда баға жер мен көктей..

Зауыттың басқа да павильондарына бардық.  Мысалы,Достық сауда орталығының жанында  орналасқан дүкендегі жағдай тіпті қызық. Қабырғадағы жарнамаға қарасаң кәдімгі нан-60 теңге,батон нанды -90 теңге деп ойлап қаласың. Бірақ бұл ескі баға екен. Әлі сүріп үлгермеген. Ал нан тұрған сөрелерде әрбір өнімнің қазіргі бағасы көрсетілген.  Осыдан-ақ ,барлық өнімге қанша теңге қосылғанын көруге болады.  Бұл әрине тұтынушылардың көңілінен шықпайды.

Балдәм Сақтағанова - Ақтау қаласының тұрғыны

Соңғы кезде қымбаттағанын байқап жүрмін. Негізі сол үйренген бағада болғаны жақсы ғой.

Сонымен, мұнда бұрын 65 теңге болған 350 грамдық  кірпіш нан қазір-90 теңге. Алл 550 грамм нан 100 теңгеден 120 теңгеге өскен. Московский сұрыпты нан  бұрын 90 теңге болса,қазір 110 теңге.  400 граммдық "Ден и ночь" наны 80 теңгеден 95 теңгеге жеткен. Кесілген батон -100 теңге болып,қазір 115 теңге болған. Бәрінен бұрын 500 грамдық бірінші сұрыпты халықтық нан қарапйым наубайханада әлі 55 теңге. Ал Мағаш Нан зауытында бірінші сұрыпты,дәл сол 500 граммдық нан 90 теңге

Әрине, Нанның құнын қою кәсіпкердің өз құқы, өз еркі. Бірақ осы "Мағаш нан" зауыты бірнеше жылдан бері мемлекеттен қомақты қаржылай қолдау алып жүр. 

Аманқос Ертілеу - даму қоры МОФ бас маманы

Маго бренд 2011 жылдың аяғынан бастап БТА банкі арқылы 4 линия алды. 14 процентпен субсидия алды. Оның 7 процентін Даму төлейді. Содан кейін 2015 жылы Ервазиялық банк арқылы Ұлттық қордың есебінен қаражат алды, Мұның барлығы модернизация және құрылғыларды жаңарту үшін.

Бірінші сұрыпты нан бағасының өскендігін зауыт басшылығы растап отыр. Олардың айтуынша,өткен жылға қарағанда нанға керекті шикізаттың бағасы қымбаттапты. 

Мұрат Сауғабаев - "Maga-bread" ЖШС директорының орынбасары

Тұздың,ашытқынығэлектр энергиясының тарифі де қымбаттады. Бірақ біз жоғарғы сортты 400 граммдық нанның бағасын 68-70 теңгеге түсіргелі отырмыз.

Әділін айту керек,  Мағаш нанның наны сәл пәл болса да сапалырақ. Нанның түрлері де әралуан. Дегенмен бұл жерде мәселенің екінші жағы да бар ғой. Мемлекеттен қомақты көмек алып отырған жеке кәсіпорын бас емес дәл нанның құнын осылайша бірден аспандатып жіберуге моральдық тұрғыдан құқылы ма? Сонда Елбасы қайта қайта айтып жүрген кәсіпкерлердің  әлеуметтік жауапкершілігі деген мәселе қайда?