Мектеп асханасынан уланған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кесілген сот үкімімен келіспейді.Айта кетейік,Мұнайлы аудандық соты балаларға ас дайындаумен айналысқан кәсіпкер Дәметкен Шакенованы бір жылға бас бостандығынан айырды.Сот шешімінде кәсіпкер 22 жәбірленушінің ата-анасына 50 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін материалдық шығынды өндіруге міндеттелген.Ал өзге балалардың ата-аналары денсаулығына зақым келген оқушының барлығының шығыны теңдей өтелсін деп отыр.