Гүлнар Сегізбаева ұзақ ойланып, бүгін вакцина салдыруға бекінді. Мамандығы мұғалім. Оқушылармен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайтын болғандықтан өзі мен отбасы, қоғамның қауіпсіздігі үшін осындай тоқтамға келген.  Алайда "екпе ал да, пәттер ұтып ал" акциясын егілгеннен кейін ғана біліпті. Бағын сынамақ болып, нар тәуекел деп акцияға қатысты. 

Гүлнар Сегізбаева - Ақтау қаласының тұрғыны

 Елде вакцинация басталғалы көп ойландым. Бүгін бір шешімге келіп, екпе алуға келіп тұрмын.  + Жаңа араб елінің "хаят" вакцинасын алдым.  Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Сонымен қатар, үлкен науқан жүріп жатырғанын естіп, өзім қуанып қалдым. Өзімнің денсаулығымды қорғай отырып, үлкен бағалы сыйлықтың иегері атанып қалуым мүмкін. Енді акцияның қорытындысын күтемін.

Бұл акцияға қатысу үшін кез келген адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханадан вакцина салдырып, QR-код арқылы сайтқа тіркелу қажет. Акция 1 айға созылады. Ал әр жұма сайын ұялы телефон, тұрмыстық техника сынды бағалы сыйлықтар ойнатылады. Акцияның соңғы күніне ұтысқа Ақтаудан 2 бөлмелі пәтер тігіледі.

Нұрлан Қуанышбай - акцияны ұйымдастырушы

 Халықты қиын кезеңде  аз да болса қаржылай көмек көрсетейік, аз да болса әлеуметтік жағынан қолдайық деп. Осындай бір кішігірім шараны бастасақ. Әу бастағы ниетіміз - вакцинаның адам өміріне деген қаншалықты  маңызды екенін түсіндіру және өз еркімен осы екпе алуға ынталандыру. + Арнайы сандарды таңдайтын бағдарлама. Соған мысалы 1 мен 100-дің арасында таңдау қоямызда жібереміз. Компьютер өзі таңдайды. Тікелей эфир арқылы сол кісіге соғамыз бірден. Аты-жөнін, қайдан қашFн алғанына өз жеткіземіз. Содан соң сыйлықты табыстап береміз.

Акцияның алғашқы күні-ақ, түске дейін 200 ге жуық адам екпе алды. Ал өңір бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаны  51 мыңнан астам тұрғын салдырыпты.